Статус в системе ОСМС

Служба поддержки пациента

   

Блог Главного Врача

            

Вы здесь

Главная

Жаз мезгілінде шаң-тозаңнан пайда болатын аллергиялық аурулардан басқа, инфекциялық аурулар да асқынады. Дәрігерлердің айтуынша, жазда ауа температурасының жоғарылауына байланысты қауіпті бактериялар көптеп тарайды. Жазда жедел ішек инфекциясы, энтеровирустық инфекциялардың, сондай-ақ, миозит, бронхит және пиелонефрит ауруларын жұқтыру қаупі жоғары.  Күн ысығанда көбіне жедел ішек инфекциясы сияқты аурулар асқынады. Көп жағдайда ол қарапайым санитарлық нормаларды сақтамағаннан болады. Бұдан бөлек, бронхит пен пиелонефрит (бүйрек ауруы) көбейеді. Пиелонефрит көбіне азынақ желден пайда болады. Ол кезде бүйректің бактериялы қабынуы пайда болып, ол бактерияны антибиотикпен емдейді. Тағы бір асқынатын дерт ол - пневмония. Себебі жазда көбі кондиционер орнатылған бөлмеде отырады да бірден далаға шығып, суық тигізіп алады. Сондықтан кондиционерді өшіріп, бөлмеде бірқалыпты дене қызуы болуы үшін ауа алмастырып тұру қажет.
Cондай-ақ, жазда сүт өнімдерінде бактериялардың көп болатынын және улану жағдайларының көп болатынын ескертеді. Дәрігерлердің айтуынша, одан сақтану үшін тағамдарды, салаттарды, сүт өнімдерін әрқайсын әр түрлі ыдысқа салып, бетін жауып қою керек. Ең бастысы тағамды бөлек ыдыста сақтаған жөн дейді. Бұдан бөлек осы маусымда жиі таралатын аурулардың бірі деп энтеровирустық инфекцияларды айтуға болады. Ол өте тез таралады. Энтеровирустық инфекцияны бір айда бірнеше рет жұқтыру қаупі бар. Басқа жұқпалы аурулар сияқты емес. Энтеровирустың өзінде бір топ инфекция бар. Олардың ішіндегі ең көп таралғаны - полиовирустар. Инфекция асқазан-ішек жолдарынан бастау алады. Маманның айтуынша, вирустың таралғанының басты белгілері дене қызуы жоғарылап, қалтырап, жұтқыншағы ісініп, адам терлегіш болып кетеді.  Кез келген вирус тараған кезде қабынуға қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдау керек. Әсіресе, жаз мезгілінде D дәруменін ұмытпау керек. Көбірек мөлшерде су ішу керек. Бірақ препараттарды тек дәрігердің нұсқауымен қабылдау керек. Бұл вирустарды жою үшін көбіне парацетамол, ибупрофен қолданылады. Осы ретте дәрігер вирустарды жұқтырмау үшін оның алдын алуға кеңес береді. Бірінші кезекте, дәрігерлердің айтуынша, әсіресе, күн ыстықта қарапайым санитарлық нормаларды сақтау қажет. "Көшеден тамақтанбай, үйдегі жаңа әзірленген салаттарды көбірек тұтыну керек. Ал ең бастысы күн өтуден қорғану керек. Сағат 11.00-16.00 арасында күннің астында ұзақ жүру қауіпті. Бұл кезеңде күн аса қатты түседі. Сондықтар әрдайым баскиім киіп, көбірек су ішу қажет.

                          

       Министерство           Сайт Президента РК    Послания Президента         Нурлы Жол         Единый городской call-center
     здравоохранения