Статус в системе ОСМС

Служба поддержки пациента

   

Блог Главного Врача

            

Вы здесь

Главная

Трансмайлардың екі түрі болады: табиғи және жасанды пайда болғандар. Өндірістік трансмайлар қанықпаған майларды денсаулық үшін зиянды қаныққан майларға айналдыру жолымен жасалады.
Қанның құрамындағы холестеринді көбейтіп, жүрек, қант диабеті, семіздік, сүт безі обыры, Альцгеймер ауруы өт қабына тас байланатын ауру және т.б. аурулардың дамуына ықпал ететін өнеркәсіптік өндірісте қолданылатын трансмайлар қауіпті болып табылады.
Трансмайлар қуырылған картоптың, тауық етінен жасалған наггетстердің, бургерлердің, қытырлақ картоптың, балмұздақтың, попкорнның, майқоспалы тоқаштардың және т. б. құрамында болады.
Трансмайларды тұтынудың нәтижесінде алынатын 2%-ға жоғарлатылған қуат жүрек инфарктінен қаза табу қауіпін 23%-ға арттырады.Трансмайларды тұтынуды азайтудың еш қиындығы жоқ, егер кейбір ережелерді есте сақтайтын болсаңыздар. Ең алдымен өзіңіздің өміріңізден маргариндерді жою қажетсіз- олардың құрамында аса көп трансмайлар болады. Пісірілген тәтті нан өнімдерінің (піспе нан, торттар және т. б.), сонымен қатар қытырлақ картоптың, майонездің және құрамында майы бар басқа өнімдердің заттаңбаларын мұқият қарап шығу қажет. Өкінішке орай, өндірушілер өнімнің қаптамасында құрамдағы трансмайларды көрсетпейді. Егер ингредиенттердің тізімінде қандай болса да сутектендірілген немесе ішінара сутектендірілген май болса- өнімнің құрамында трансмай бар дегені. Сонымен қатар өндірістік дайындалған шала өнімдеріне- котлеттерге, балық таяқшаларына және т. б. аса қызықпау қажет: олар әзірленген фритюр майы сутектендірілген майдың негізінде жасалғаны сөзсіз сияқты.Табиғи жағдайларда трансмайлар өте сирек пайда болады. Оларды күйіс қайыратын жануарлардың асқазандарында мекендейтін бактериялар шығаратыны мәлім. Сондықтан табиғи пайда болған трансмайларды табиғи сүт өнімдерінде табуға болады, бірақ олар емдәрігерлерде қауіп тудырмайтын соншалықты болымсыз мөлшерде болады.

                          

       Министерство           Сайт Президента РК    Послания Президента         Нурлы Жол         Единый городской call-center
     здравоохранения